Текст
03.02.2026
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы материалдардың таралуы қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіретінін ескертеді.
Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамда дүрбелең мен сенімсіздік туғызады.
❗ Пікір білдіру — заңды.
❗ Ал жалған ақпарат тарату — жауапкершілікке әкеп соғады.
Азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратуға, арандатушылыққа ермеуге
және тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Заң мен тәртіп — бәрінен жоғары.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП