Текст
19.02.2026
Қосшы қаласында дәстүрге айналған ең ауқымды жобалардың бірі — «Қосшы аруы» сұлулық байқауының 2026 жылғы іріктеу кезеңі өтті.
👑Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың іріктеу кезеңіне 18–25 жас аралығындағы өнерлі, талантты, сұлу арулар қатысты.
Іріктеуге барлығы 16 үміткер тіркеліп, өз бақтарын сынады.
Әділқазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған арулар негізгі кезеңге жолдама алады ✨
🎁 БАС ЖҮЛДЕ — ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА!
«Қосшы аруы» — бұл тек сұлулық сайысы емес, бұл — парасат, мәдениет, талант пен заманауи қыздардың болмысын айқындайтын үлкен мүмкіндік алаңы.
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз! 💫
#ҚосшыАруы2026